«Балалық көңілдің пернесін дөп басқан жазушы» тақырыбында арнау кеші өтті.
23 қаңтар күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жалпыхалықтық оқуға ұсынылған жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларынан насихаттау мақсатында «Балалық көңілдің пернесін дөп басқан жазушы» тақырыбында арнау кеші өтті. Іс шара барысында кітапханашы қазақ балалар әдебиетін жаңа белеске көтеріп, классикалық үлгі танытқан қаламгер Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттап, балалар «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат» атты шығармалары туралы баяндап берді.

