«Балалық көңілдің пернесін дөп басқан» атты сыр кеші өтті.
16қаңтар күні Бірлікүстем ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен биылғы жылы “Бір ел -бір кітап 2024” акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын насихаттау барысында «Балалық көңілдің пернесін дөп басқан» атты сыр кеші өтті. Шара барысында кітапханашы балғын шаққа батыл саяхаттар жасап, шығармалардан үзінділер келтіре отырып баяндама оқыды. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Уалиева Жаңагүл жазушының шығармаларына шолу жасады.Кеш соңында «Берен талант Бердібек» тақырыбындағы кітап көрмесіне шолу жасалды.

