«Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты танымдық кеші болып өтті.

31 қаңтар күні орталық кітапхананың білім орталығында оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлері Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясының оқушыларының қатысуымен «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын насихаттау мақсатында «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты танымдық кеші болып өтті. Шара барысында кітапханашы Қазақтың көрнекті жазушысы, белгілі көркемсөз шебері Бердібек Соқпақбаевтың таңдамалы шығармалары «Менің атым Қожа», «Өлгендер қайтып келмейді» романы, «Балалық шаққа саяхат» атты хикаяттарына тоқталып өтті.

Нет описания фото.