«Балалар бағының бағбаны» атты дайджест өткізілді.

22 қараша күні Далақайнар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Т.Әшімбаев орта мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында көрнекті жазушысы,балалар әдебиетінің классигі,Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай «Балалар бағының бағбаны» атты дайджест өткізілді.

Іс –шара барысында кітапханашы оқырмандарға жазушының өмірі мен шығармашылық жолына тоқталып, қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр- сипат әкелген көрнекті жазушының «Менің атым Қожа», «Бақыт жолы», «Өзім туралы» кітаптарымен таныстырып, жас оқырмандарды кітап оқуға шақырды.

Возможно, это изображение 27 человек, люди учатся, детская игрушка и текст