“Балалар әдебиетінің бағбаны” атты әдеби марафоны өтті.

Оразалы ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап 2024» акциясы аясында балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай Кенен Әзірбаев атындағы орта мектебінің 5 – сынып оқушыларының қатысуымен “Балалар әдебиетінің бағбаны” атты әдеби марафоны өтті. Шара барысында кітапханашы оқушыларға қазақ прозасына жаңа леп, өзгеше өрнек әкелген жазушының өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, әлемге танылған қаламгердің кітаптарына шолу жасады.