«Балалар әдебиетінің шебері» атты оқырман конференциясы өткізілді.

14 ақпан күні Көктөбе ауылдық кітапханасында 2024 жылдың “Бір ел-бір кітап”- республикалық акциясы аясында жалпыхалықтық оқуға ұсынылған көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Балалар әдебиетінің шебері» атты оқырман конференциясы өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы өмірі мен шығармашылығын таныстырып, жазушының балалық шағын керемет жеткізген «Балалық шаққа саяхат» шығармасын оқи отырып еріксіз өзіңнің балалық шағына оралатындығын айтып өтті. Сонында жазушының әдебиеттеріне шолу жасалды.

Нет описания фото.