» Балалар әдебиетінің майталманы» атты библиофреш өтті.
26 маусым күні Ақтөбе ауылдық кітапханасында «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына орай » Балалар әдебиетінің майталманы» атты библиофреш өтті. Шара барысында кітапханашы жазушының өмірі мен шығармаларын таныстырып, балаларға арналған «Менің атым қожа» повесінің негізгі тақырыбы соғыстан кейінгі кеңес оқушыларының өмірі туралы жазылғандығы, мұндағы Қожа образы арқылы жақсы мен жаманды ажырата білу, сыпайылыққа, ұстамдылыққа үйрене білу керектігін айтты. Жас оқырмандар «Менің атым Қожа» кинофильмін көріп, кейіпкерлердің жағымды, жағымсыз жақтарын талдап, түсініктерін айтып берді

