“Балалар әдебиетінің бәйтерегі” тақырыбында портреттік кеш өтті.

23мамыр күні Алға ауылдық кітапханасында “Бір ел -бір кітап” акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын насихаттау мақсатында “Балалар әдебиетінің бәйтерегі” тақырыбында портреттік кеш өтті. Кітапханашы ақын жазушының өмірі мен шығармашылығына тоқталып өтті. Мақсаты: “Жақсының өзі өлсе де, сөзі өлмейді” демекші, балалардың сүйікті жазушысы, өзі өмір сүрген ортасының кезең келбетін көз алдыға келтіре кескіндеген, заманның шындығын жүрек сыздата суреттеген, сол бір күндердегі ел өмірін мөлдірете, жан жүректі елжірете мүсіндеген алғыр ойлы, қайсар мінезді, қайтпас рухты, шоқтығы биік тұлғаның еңбектерін оқырмандарға насихаттау.

Нет описания фото.