«Бала жанына нұр сепкен ақын» атты сыр кеші өткізілді.

2 ақпан күні Жаңа жол ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі оқушыларының қатысуымен Қазақстанның көрнекті халық жазушысы, ақын, драматург Әбділда Тәжібаевтың туғанына 115 жыл толуына орай «Бала жанына нұр сепкен ақын» атты сыр кеші өткізілді. Кітапханашы оқырмандарға ақынның өмірі,шығармалары туралы мәлімет беріп, «Толағай» әдеби ертегісінің мазмұны мен идеясы туралы айтып, әдеби ертегіні толығымен оқыды.Оқырмандар алып тұлғалы жанның ішкі сырымен кітап арқылы сырласып,өз ойларын ортаға салды.

Мақсаты: Жалпы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан Әбділда Тәжібаев туралы қысқаша мәлімет беру.

Нет описания фото.