“Бала жүрегіне қуаныш сыйлаймыз” атты ойын сағатын өткізді.
31 мамыр күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ұйымдастырылған “Бала жүрегіне қуаныш сыйлаймыз” атты ойын сағатын өткізді. Аталған шарада “Бейнелі сұрақ-жауап”, “Мысық- тышқан”, “Кім жылдам” т.б түрлі ойындар ұйымдастырылды. Бүлдіршіндер ойынға белсене қатысып, тамаша әсер алып, жақсы көңіл-күймен тарасты.





