«Бала біздің болашағымыз» атты бэби шоу өткізді.
30 мамыр күні №2 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бала біздің болашағымыз» атты бэби шоу өткізді. Аталмыш шарада балалар өлең-жырларын оқып,допқа жасырылған сұрақтарға жауап берді. Мақсаты: балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Бір – бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.

