«Балғын балалар біздің болашағымыз» атты флешмоб ұйымдастырылды.
30 мамыр күні Тасөткел ауылдық кітапханасында 1 маусым – Халықаралық балалар күніне орай «Балғын балалар біздің болашағымыз» атты флешмоб ұйымдастырылды. Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.
Мақсаты: 1 маусым – Балаларды қорғау мерекесін сезіну, балалық шақтарын бақытты өткізуге, елінің білімді де тәрбиелі азаматы болуға баулу. Балалардың бір-біріне деген қамқор пейілдерін арттыра отырып, достыққа бірлікке тәрбиелеу.

