“Байтақ елімнің Рәміздері” атты тақырыбында танымдық сағат өтті.
3 маусым күні Төле би ауылдық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай “Байтақ елімнің Рәміздері” атты тақырыбында танымдық сағат өтіп, мемлекеттік әнұран орындалды. Шара барысында кітапханашы мемлекеттік рәміздердің шығу тарихымен таныстырып, оқырмандар рәміздер туралы өлең тақпақтарын айтты.

