«Бүгінгі күннің талабы-жемқорлықпен күрес» атты дөңгелек үстел өтті.
22 сәуір күні Шу №10 колледжінде аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Бүгінгі күннің талабы-жемқорлықпен күрес» атты дөңгелек үстел өтті. Шара барысында кітапханашы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың қоғамға және қоғам мүшелеріне материалдық және өзгеде зиянын тигізетінін айтып өтті.
Дөңгелек үстел барысында білімгерлер сыбайлас жемқорлықпен қалай күресуге болатынын және оның зардаптарымен күресу жолдарын өзара талқылады.

