«Ауғанның от – жалыны» тақырыбында ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті.
14 ақпан күні Ауған соғысына 35 жыл толуына орай орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ауғанның от – жалыны» тақырыбында ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Ауған соғысы тарих парақтарында алтын әріппен жазылып, боздақтардың ерліктерін өшірмесі анық. Зұлмат соғысқа аттанған жас сарбаздар бүгінде ардақты ардагерлер. Есімдері ерекше сипатқа ие ардагерлерді құрметтеу – бүгінгі ұрпақтың парызы. Кешке аудандық ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Шынарбеков Болыс Бұралқыұлы мен ауған соғысының ардагері Махмадиев Талап Асырұлы қатысып, Ауған соғысы тарихтың ең қаралы күндері екенін, мыңдаған қандастарымыз жат елде жан тапсырып, ұрыс даласынан жарақатпен оралғаны, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз өзінің соғыс кезінде бастан кешкен естеліктерімен бөлісті. Бұл кездесу оқушылар үшін үлкен тәрбиелік мәні зор мағыналы іс — шара болды.


