«Ауылым алтын тұғырым» атты әдеби әуенді кеш Қонаев ауылдық Мәдениет үйінде кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткізілді.
14 маусым күні Туған жер – ауылым алтын бесігім. Оның адам өмірінде алатын орны ерекше, киелі ұғым. Туған жер, туған ел деген екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінеді. Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Осы орайда Ш.Уалиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Өлкелік туризм-кітапхана жұмысының иновациялық түрі ретінде» жобасы аясында «Ауылым алтын тұғырым» атты әдеби әуенді кеш Қонаев ауылдық Мәдениет үйінде кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткізілді.
Кешке Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Абдинова Эльмира Елеусізқызы қатысып, Қонаев ауылының тарихы, тыныс – тіршілігімен танысып, фото суреттерден жасақталған кітап көрмемен танысып, түрлі этнос өкілдерінің дайындаған тағамдарынан дәм татты.
Кеш Д.Қонаевтың «Қонаевтың Шәмшімен кездесуі» үзіндісімен басталып, кітапхана оқырманы Е.Сағындық «Қонаевқа арнау» оқып, Ж.Сапакова «Бір шәугім шәй» әнін орындаса, Я.Алиева «Жаса Қазақстан», Б.Жапау «Ауылым» өлең-жырларынан шашу шашып, «Ахыска» би тобы мың бұрала би биледі. Жас оқырмандар туған жеріне арналған әсем әуезді әндерін шырқады.
Кеш соңында ауыл ақсақалдары аталы сөз сөйлеп, ізгі ниеттерін білдірді.
Мақсаты: Оқырмандардың «Отан», «Туған ел» туралы түсініктерін кеңейту, өз елін, туған жерін сүюге, патриоттық сезімге тәрбиелеу, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, рухани адамгершілікке тәрбиелеу.





