« Ауылым-алтын бесігім» атты әдеби-әуенді кеш өтті.
16 қазан күні Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Жамбыл облысының 85 жылдығына орай жариялаған «Туы биік, тұғыры берік – Жамбыл» өлкетану оқулары аясында облыстық мемлекеттік кітапханаларында өтетін байқаулық іс-шаралар жоспарына сәйкес
Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен Көктөбе ауылының мәдениет үйінде «Оқитын ұлт» жобасы шеңберінде «Алтын ұям, Туған жерім, Жер жаннатым» өлкелік жоба аясында « Ауылым-алтын бесігім» атты әдеби-әуенді кеш өтті.
Іс-шараға әділқазы алқасының төрайымы, Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Абдинова
Эльмира Елеусізқызы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Ақпарат саласының үздігі жазушы, журналист Әбдиев Ерман Қанжанұлы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Шу ауданының Құрметті азаматы, ақын, ардагер журналист Ахметжан Қосақов төрағалық етті.
Көпшілік көрермендер, тарихи тұлғалар: ақын-ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, аудармашы – А.Құнанбаевтың, қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, – Ы.Алтынсаринның, мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым – А.Байтұрсынұлының, күйші-композитор – Ә.Желдібаевтың, балалар жазушысы, драматург – Ә.Қалдыбаевтың, сыршыл суреткер, жазушы, – Қ. Қазиевтердің жанды мүсіндерін тамашалады.
Әуезді кеш кітапханашылардың орындауында «Жыр әнім – Шу» әнімен басталып, оқушылар мен кітапханашылар жергілікті ақындардың жыр шумақтарынан үзінділер оқыды. Кеш барысында жергілікті композитор С.Әденовтың «Жастығым өтіп барады» әні мен күйші-композитор Ә.Желдібаевтың «Жетісу сазы» күйі мен «Шырайлым» әнін «Әсем әуен» фольклорлық ансамблі орындап, жергілікті жазушы Қ.Қазиевтың «Ақ бантик» шығармасынан үзінді оқылды. Кеш кітапханашылар хорымен аяқталды.
Жас ұрпаққа туған жеріміз жайлы түсінік бере отырып өңір тарихымен таныстыру, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, жерлес ақын жазушылардың шығармаларын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған кештің оқырмандарға берері мол.




