«Ауғаныстан ардагерлеріне тағзым» атты кездесу кеші өтті.

14 ақпан күні Бірлікүстем ауылдық кітапханасында Ауған соғысы кезінде мерт болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, ардагерлердің есімдерін үнемі жадымызда сақтау мақсатында «Ауғаныстан ардагерлеріне тағзым» атты кездесу кеші өтті. Осы орайда Бөкенов Бақыт, Азнаев Болат, Қырықбаев Бақберген ардагерлеріміздің ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, әскери кезеңдегі тапсырмаларды орындау кезіндегі бастан кешірген оқиғалары жайлы әңгімелеп, қиындығы мен қасіреті мол ауған соғысы кезіндегі оқиғалары туралы айтты. Кеш соңында болашақ ұрпақтың амандығын тілейміз деген жақсы тілектерін жеткізді.

Нет описания фото.