«Ауғанстан алауы жанымызда» атты кездесу кешін өткізді.
13 ақпан күні №2 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Ауғанстан алауы жанымызда» атты кездесу кешін өткізді. Кездесу кеші Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылып, оқиғаның тарихы баяндалып, қыршын кеткен боздақтардың ерлігін ұмытпау мақсатында «Бір минут үнсіздік» жарияланды. Аталмыш шараға Шу қаласының тұрғыны Ауғанстанда әскери борышын өтеген интернационалист-жауынгер Киргизбаев Калмаханбет Жармаханбетұлы арнайы түрде шақырылды. К.Жармағанбетұлы оқырмандарға от жалынды жылдардың естеліктерімен бөлісті.
Шараға қатысқан оқырмандар Жолдасбай Нұрай «Ізім қалды-ау өзіңде Ауғанстан», Советхан Сезім «Ауғанның қанды даласы», Әбдікерім Динара «Армысыңдар, Ауғандық жауынгерлер!», Бақыт Жания «Ар үшін туған арысым»атты ақын-жазушылардың өлеңдерін жатқа оқыса, Тойшы Дидар «Қазақ батырлары» атты әннен шашу шашты. Дәукен Жанель, Дәукен Әнель, Надырхан Жансая, Бердібек Талшын, Тастанбек Аяулым «Қазақ қызы» биін мың бұрала биледі.
Шара соңында ардагерге орталық кітапхана атынан сыйлық табыс етілді.


