«Ауғанның асуында от кешкендер» тақырыбында Ауған соғысының ардагерімен кездесу кеші өтті.

14 ақпан күні Бірлік ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен М.Х.Дулати орта мектебінің 10 сынып оқушыларының қатысуымен «Ауғанның асуында от кешкендер» тақырыбында Ауған соғысының ардагерімен кездесу кеші өтті. Кітапханашы Ауған соғысы туралы мәлімет беріп, ардагер Жанысов Түйтебай Үркенбайұлы Ауған соғысы тарихтың ең қаралы парақтарының бірі екенін, жат елде жан тапсырып, ұрыс даласынан жарақатпен оралған жауынгерлер туралы, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен қиыншылығы туралы, өзінің соғыс кезінде бастан кешкен естеліктерімен бөлісіп, жас оқырмандармен сұхбаттасты.

Нет описания фото.