«Ауған жауынгерлерінің ерлігі» атты кездесу кеші өткізілді.

13 ақпан күні Көктөбе ауылдық кітапханасында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Ауған жауынгерлерінің ерлігі» атты кездесу кеші өткізілді. Бұл кездесуге Ауған соғысының ардагері Талап Махамадиев, ауыл ақсақалдар төрағасы Бақтыбек Жаманқұлов және кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысып, Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Ақсақалдар төрағасы Бақтыбек Жаманқұлов сөз сөйлеп, ізгі тілегін жаудырды. Іс-шара барысында ауған ардагері өз кезегінде қиындығы мен қасіреті мол ауған соғысы кезіндегі, оқиғалары жайлы айтып, оқырмандарымыз сұрақтар қойып, пікір – алмасты.

Нет описания фото.