“Ауған соғысының қасіреті” атты ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кешін өткізді.
14 ақпан күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері Ы.Алтынсарин мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен 15 ақпан – Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай “Ауған соғысының қасіреті” атты ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кешін өткізді.
Кездесу кешіне Ауған соғысының ардагерлері Асанов Бауыржан және Молдамұратов Нұрғиса арнайы шақырылды. Шара барысында оқушыларға ауған соғысы, Отан үшін отқа түскен ардагерлеріміздің қасиетті Отан алдындағы борышын ешбір тайсақтамай орындаған ерлігі туралы кең мағлұмат берілді.
Кеш қонақтары Ауған соғысында бастан кешкен оқиғаларын баяндап берді. Оқушылар ардагерлерімізге арнау өлеңдерін оқып, би билеп, көкейінде жүрген сұрақтарын қойып белсенділік танытты. Кеш соңында ардагерлерімізге орталық кітапхана атынан сыйлықтар табысталды.






