«Ауған салған шоқ – өшкен арман» тақырыбында тарих сағаты өткізілді.

14 ақпан күні Көкқайнар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Саттар Естемесов мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Ауған салған шоқ – өшкен арман» тақырыбында тарих сағаты өткізілді.

Шараның мақсаты ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған жерлес азаматтарды еске алу және жастарға патриоттық тәрбие беру болып табылады.

Іс-шара барысында кітапханашы тарихта өзінің қаралы, нәубәт жылдарымен орын алған Ауған соғысы туралы айтып, жастардың бейбіт өмірдің бағасын білуге шақырды. Сондай-ақ, Момбек Нұртолған арнайы тақырып бойынша, жастарға патриотизмнің озық үлгісін көрсетіп жүрген ауған соғысы ардагерлері туралы баяндама оқыды.

Возможно, это изображение 22 человека, люди учатся и текст «RNC TELEPHONE TELEPHONE»