«Ауған асуында от кешкендер» атты кездесу кеш өтті.
12 ақпан күні Ақтөбе ауылдық кітапханасында Ауған Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Ауған соғысының ардагерінің қатысуымен «Ауған асуында от кешкендер» атты кездесу кеш өтті. Ауған соғысының ардагері Теңізбаев Марат Бескемпірұлы, Ақтөбе ауылдық округ әкімі Е.Анатаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Байдаулетов, Ақерке балабақша меңгерушісі А.Шүленбаева сөз сөйлеп, ардагерге ізгі тілектерін арнады. Шара барысында кітапханашы ауған соғысы жайлы мәліметтер баяндап, оқушылар ардагермен сұхбаттасып, әңгіме барысында соғыстың қиын кезеңдерінен естеліктерін айтып және де жастарға соғыс болмасын, аспанымыз ашық, еліміздің абыройлы азаматтары болыңдар, -деп ізгі ниетін білдірді. Кеш соңында видеослайд көрсетілді.

