«Аты аңыз, сөзі нақыл, өзі батыр» атты ерлік кешін өткізді.
21 қаңтар күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Е.Бекмаханов атындағы мектеп –гимназиясының оқушыларының қатысуымен аты аңызға айналған қаһарман қолбасшы, кеңес Одағының батыры жазушы, әскери жауынгер Б.Момышұлының туылғанына 115 жыл толуына орай «Аты аңыз, сөзі нақыл, өзі батыр» атты ерлік кешін өткізді. Іс-шара барысында кітапханашы кейіпкердің ерліктерімен, өмір жолымен, шығармашылығымен таныстырып, кітаптарына шолу жасап, оқушыларды кітап оқуға шақырды. Мақсаты: Отанға, өмірге деген сүйіспеншіліктерін, сезімдерін дамыту, жас ұрпақты, елін-жерін сүюге тәрбиелеу.

