«Аты әлемге жазушы» атты дайджест өткізілді.
27 қараша күні Далақайнар аулдық кітапханасында Т.Әшімбаев орта мектебінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен көрнекті жазушы, ақын, драматург, елдің азаттығы үшін жанын құрбан еткен жандардың бірі Бейімбет Майлиннің 130 жылдық мерейтойына орай «Аты әлемге жазушы» атты дайджест өткізілді. Шара барысында кітапханашы оқырмандарға қазақ халқының ұлт мақтанышының өмірбаянымен шығармашылығы туралы айтты.

