«Аты әлемге мәшһүр жазушы» тақырыбында танымдық кеш өткізілді.
15 қаңтар күні Бірлікүстем ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Домалақ ене орта мектебінің оқушыларымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең көп роман жазған жазушы Ілияс Есенберлиннің туған күніне орай «Аты әлемге мәшһүр жазушы» тақырыбында танымдық кеш өткізілді. Мақсаты:жазушының өмірімен шығармашылығымен кеңінен танысу, ой-өрісін, тілін дамыту, мемлекеттік тілге, кітапқа деген сүйіспеншілікті ояту, оң моральдық қасиеттерді қалыптастыру.

