«Атом қасіреті» танымдық сағаты өткізілді.

14 тамыз күні «Атом қасіреті» танымдық сағаты.Көкқайнар ауылдық кітапханасында Семей ядролық полигонының жабылғанына 35 жыл толуына орай «Атом қасіреті» атты танымдық сағат өткізілді.

Іс-шара барысында Семей ядролық полигонының тарихы туралы кеңінен мәлімет беріліп, ядролық сынақтардың халық денсаулығына, табиғатқа және қоршаған ортаға тигізген орасан зор зияны туралы айтылды.

Қатысушылар Семей полигонының қасіретті тарихымен танысып, ядролық сынақтардың зардаптары жөнінде тағылымды ақпарат алды.

Семей полигонының жабылуы – ел тарихындағы маңызды оқиға. Бейбітшілік пен ядролық қарусыз әлем – адамзаттың ортақ арманы.