«Ата заңым – ардағым»атты ақпараттық сағат өтті.
29 тамыз күні Бәйдібек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «Ата заңым – ардағым»атты ақпараттық сағат өтті.Шара барысында кітапханашы Ата Заңымыздың қалыптасу және қабылдануы туралы ақпарат беріп өтті.Оқырмандарға кітапхана қорынан тақырыпқа байланысты әдебиеттер таныстырылды.

