“Ата Заң – ел дамуының кепілі” тақырыбында кітапхана-квест өткізді.

27 тамыз күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 30 тамыз – ҚР Конституция күніне орай “Ата Заң – ел дамуының кепілі” тақырыбында кітапхана-квест өткізді. Аталған шарада кітапханашы Ата Заңымыздың еліміздің арайлы азаттығымыздың айнымас айғағы, жарқын болашағымыздың бұлжымас бағдары екені, еліміздің алтын арқауы болып саналатыны жайында айтып өтті. Оқырмандарда өз ойларын айтты.