«Асыл сөзді іздесең…» тақырыбында Абай оқулары байқауы өткізілді.

9 тамыз күні Қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылығын балалар мен жасөспірімдер арасында насихаттау мақсатында Шу аудандық орталық кітапханада 10 тамыз – Абай күніне орай «Асыл сөзді іздесең…» тақырыбында Абай оқулары байқауы өткізілді.

Қазақ сахарасының өзендей алып,өзендей ұлы ғажайып таланттың иесі, әлем әдебиетінің жарық жұлдызы-Абай туралы сыр шертіліп, Абайдың сөзі-халқымыздың, ұлтымыздың ұраны. Абай-алты алаштың,иісі қазақтың мақтанышы екені айтылды. Абай өлеңін жантәнімен, ыстық жүректерімен сүйетін оқырмандар сайысқа қатысып, қазақтың ұлы ақыны Абай атамыздың жырларын оқыды. Кеш барысында ақын өлеңдерін бүкіл әлем Абай – деп жырлағандай оқушылар да Абай атамыздың мәңгі өлмейтіндігін арқау етті.

Байқау 3 кезеңнен тұрды. І – кезең «Мен кітапхананың тұрақты оқырманымын» сайыскердің өзін – өзі таныстыруы; ІІ – кезең «Өлең сөздің патшасы» ақынның кез келген өлеңін мәнерлеп жатқа айту; ІІІ – кезең «Әдеби бәйге» Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап беру. Сайысқа төрелік ететін әділқазылар алқасының шешімімен“Бас жүлдені” «Көкқайнар ауылы Саттар Естемесов атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушысы Абаева Айзере ие болса, «І орын» Шу қалалық С.Сейфуллин орта мектебі 11 сынып оқушысы Серік Бейбарыс, «ІІ орын» Төле би ауылдық М.Әуезов атындағы 9 сынып оқушысы Ертайқызы Еркеназ, «ІІІ орын» Бірлік ауылы М.Х.Дулати атындағы 8 сынып оқушысы Дулатұлы Бағдатәли, Қонаев ауылы Д.Қонаев орта мектебінің 9 сынып оқушысы Мәдіхан Қорлан жеңіп, алғыс хатпен марапатталды.Шара соңында«Кемеңгерліктің биік шыңы – Абай» атты кеңейтілген кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалынды.Абайдың ұлылығын, оның поэзиясы мен тереңдігін оқырманға ұғындыруға арналған байқау әсерлі өтті.