«Арулар асыл жандар, шуақ боп шашылғандар» атты қонақ жай кеші
7 наурыз күні Далақайнар ауылдық кітапханасында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Арулар асыл жандар, шуақ боп шашылғандар» атты қонақ жай кеші «Парасат» клубының мүшелері және кітапхана оқырмандарының қатысуымен өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы 8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күні мерекесімен аналарды құтықтап, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білу біздің парыз деді.
Осы аталмыш мерекеге орай, аналар мен аруларға арнап, жас оқырмандар «Анаға сағыныш», «Ана» атты жыр шумақтарын арнады.

