“Артық болмас білгенің” атты пікірлесу сағаты өтті.

11 қаңтар күні Жаңа жол ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Бауыржан Момышұлы орта мектеп психологы Ұлжалғас Жұмханқызы және жоғары сынып оқушыларының қатысуымен “Артық болмас білгенің” атты пікірлесу сағаты өтті. Шара барысында кітапханашы оқушыларға салауатты өмір салтын, денсаулық сақтаумен нығайтудағы басты міндеттің бірі бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылық туралы, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айтып өтті..