«ART & SCIENCE: БІЛІМГЕ ДЕГЕН ҚҰШТАРЛЫҚ» JAMBYL Book Fest кітап фестивалі өтті.
23 сәуір күні «ART & SCIENCE: БІЛІМГЕ ДЕГЕН ҚҰШТАРЛЫҚ» JAMBYL Book Fest КІТАП ФЕСТИВАЛІ
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 23 сәуір – дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай «ART & SCIENCE: БІЛІМГЕ ДЕГЕН ҚҰШТАРЛЫҚ» JAMBYL Book Fest кітап фестивалі өтуде.
«Оқуға құштар оқырман» – оқу марафоны: өңір кітапханалары оқырмандарының арасынан таңдалған «Үздік оқырман – оқуға құштар оқырман», яғни 2023 жыл ішінде ең көп кітап оқыған оқырмандар марапатталды. Шу аудандық орталықтандырылған кітапхананың оқырманы Айғаным Асқарбек 200 дана кітап оқып марапатталды.


