«Ақ самаурын» кітабын насихаттады
3 қазан күні Шу аудандық орталық кітапхана қызметкерлері белгілі журналист-қаламгер Орлахан Дәуіттің тырнақ алды туындысы «Ақ самаурын» кітабын насихаттады.Кітапханашылар шағын әңігімелерден үзінді оқып, туынды жайында өз ойларын ортаға салды. «Ақ самурын» Оралхан Дәуіттің алғашқы кітабы. Өмірдің өзінен ойып алынған шағын әңгімелері кімді болса да, бей жай қалдырмасы анық. Қызықты оқиғалар сол қалпында берілгенімен салмақты ой жетерлік. Езуіңе күлкі үйілдіре отырып, жеңіл оқылатын дүние тәлім мен тағлымға толы.




