“Ана тілім – бұл менің баба тілім” тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
7 қазан күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері М.Мақатаев трек орта мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен “Ана тілім – бұл менің баба тілім” тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Шара барысында кітапханашы туған тілімізді құрметтеп, күнделікті өмірде таза сөйлеуге, дұрыс жазуға, ұрпаққа жеткізуге міндетті екенімізді атап өтті. Оқушылар да тіл туралы мақал-мәтелдер мен өлеңдер оқып білімдерін көрсетті.



