«Ана деген тіршіліктің тірегі» атты әдеби әуенді-сазды кеші өткізілді.

6 наурыз күні кітапхананың білім орталығында, бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ана деген тіршіліктің тірегі» атты әдеби әуенді-сазды кеші өткізілді.

Кешті кітапханашы Жұлдыз Досжанова жүргізіп, кітапхана қызметкерлері әсерлі әндерін шырқап, жыр шумақтарын оқып, ойындар ойнап, көпшілікке керемет көңіл күй сыйлады.

Шара соңында қызметкерлерге мерекелік сыйлықтар тарту етіліп, кеш қызықты, әрі тартымды өтті.