«Ана өмірдің гүлі» атты мерекелік кеш өтті.

4 наурыз күні Кітапхананың Білім орталығында зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінің ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай, бөлімнің ақ жаулықты аналарын айтулы мерекемен құттықтау мақсатында, «Ана өмірдің гүлі» атты мерекелік кеш өтті.

Шара барысында «Шеше сен бақыттысың» өлеңін кітапханашы А.Раймкулова мәнеріне жеткізіп оқыса, «Әуенді тап» ойынына оқырмандар белсене қатысып, караокеге қосылып ән шырқады. Бөлім оқырманы ардагер журналист А.Қосақов өзінің жылы лебізін білдіріп, ізгі тілегін жеткізді.

Кітапханашылар мың бұрала билеп, әуезді әндерін шырқаса, бөлім оқырманы А.Шегирова «Ана» өлеңін нақышына келтіре жатқа айтып, әдемі кеш әсерлі жыр-әнмен есте қалды. ОКЖ директоры Б.Алжанбаева құттықтау сөз сөйлеп, кеш соңы мерекелік сыйлыққа ұласты.