“Ана – өмірдің гүлі” әдеби- сазды қонақжай кеші өткізілді.
7 наурыз күні Абай ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Абай атындағы орта мектеп оқушыларымен 8 наурыз- Халықаралық аналар мерекесіне орай “Ана – өмірдің гүлі” әдеби- сазды қонақжай кеші өткізілді. Шара барысында кітапханашы қыздарды мерекемен құттықтап,баяндама оқыды. Балалар аналар күніне орай өлең шумақтарын оқыды.

