“Ана өмір шуағы” атты тәрбие сағаты өтті.
7 наурыз күні Шоқпар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Ораз Жандосов атындағы орта мектептің 3 сынып оқушыларымен 8 – Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі күніне орай “Ана өмір шуағы” атты тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Анаға деген махаббатын ояту. Шара барысында кітапханашы оқушыларды мерекемен құттықтап, 8- Наурыз мейрамы туралы түсіндіріп берді.
Оқушылар ана туралы өлең шумақтары мен билерін билеп өз өнерлерін ортаға салды.

