«Алтын орда дәуірі және қазақ фольклоры» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

1 шілде күні Ақтөбе ауылдық кітапханасында кітап сүйер оқырмандарға қазақ тарихын баяндайтын тарихи құнды шығармаларды насихаттау мақсатында «Алтын орда дәуірі және қазақ фольклоры» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда Алтын орданың гүлдену кезеңі, ұлы әлемді жаулаушы-Шыңғысхан туралы, ежелгі көшпенділердің өмірі мен мәдени, діни көзқарастары және фольклорлық туындылар жайлы баяндайтын әдебиеттермен таныстырды.