«Алдамаңдаршы адамдар» атты кітап-білімнің кілті жаңа әдебиеттер көрмесі өткізілді.

19 тамыз күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен жергілікті ақын-жазушылардың жарық көрген 24 кітаптарын насихаттау мақсатында жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан журналистер одағының мүшесі Көсемәлі Сәттібайұлының «Алдамаңдаршы адамдар» атты кітап-білімнің кілті жаңа әдебиеттер көрмесі өткізілді. Аталмыш шарада кітапханашы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Амангелді ауылының тумасы К.Сәттібайұлының өмірі және шығармашылығымен таныстырды.