«Алаштың дара Жұбаны» атты библиошар өтті.
8 қазан күні Сауытбек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті ақыны Жұбан Молдағалиевтың – 105 жыл толуына орай «Алаштың дара Жұбаны» атты библиошар өтті. Шараға Алға орта мектебінің 6-7 сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы ақынның өмірбаянымен таныстыра отырып, шарға жасырылған сұрақтарға оқушылар жауап берді. Мақсаты: Жұбан Молдағалиевтың шығармаларын таныстырып, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.



