«Алаш арыстары» атты ауызша журнал ұйымдастырылып,өткізілді.

4 қыркүйек күні Қонаев ауылдық кітапханасында Д.Қонаев атындағы орта мектебінің 7-ші сынып оқушыларымен, ұлт руханиятының «Үш бәйтерегі» қазақтың асқақ рухты, ұлтжанды ұлдары Сәкен Сейфулин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толуына орай «Алаш арыстары» атты ауызша журнал ұйымдастырылып,өткізілді. Мақсаты: Өмірлері қысқа, тағдырлары ауыр болсада, артта қалған ұрпаққа ғибратты да мәнді туындылар мирас еткен Үш арыстың баға жетпес мұраларын жас ұрпаққа ұлықтап таныту. Алаш арыстарының еңбегі мен шығаршылығын оқырмандарға таныту, санасына сіңіру, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу.Шара соңында оқырмандар «Алаш арыстары» атты кітап көрмесімен танысты.

Возможно, это изображение 16 человек, люди учатся и текст