«Алғыс айту парыз» атты тренинг өткізілді.
1 наурыз күні 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Далақайнар ауылдық кітапханасында «Алғыс айту парыз» атты тренинг өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы «Алғысым шексіз» дей отырып,ризашылық пен алғыс, жақсы тілек ұғымдарының маңызына тоқталып өтті.
Шараға қатысқан кітапхана оқырмандары көктемнің алғашқы мерекесі болып табылатын атаулы күні өз анасына, Отанына, туған-туыстарына, Қазақстандағы барша тату ұлт өкілдеріне өз алғыстарын білдірді.

