«Айтары бар ұлағатты ұстаз» атты сыр кеші өткізілді.
24 сәуір күні Көктөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Ел болып оқимыз» жобасы аясында ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, әдебиетке дүниені дүр сілкіндіріп келген дарабоз дарын, талант иесі Ыбыраев Маралтай Райымбекұлының 55 жас толуына орай «Айтары бар ұлағатты ұстаз» атты сыр кеші өткізілді.
Шара барысында кітапханашы жыр жампозының өмірі мен шығармашылығы туралы айтып, мектеп оқушылары Маралтай ақынның жалынды жырларын жатқа айтып берді.

