“Айналдым құдіретіңнен ана тілім” атты поэтикалық марафон өткізілді.

21 ақпан күні Ақсу ауылдық  кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 21 ақпан-Халықаралық Ана тілі күніне  орай “Айналдым құдіретіңнен ана тілім” атты поэтикалық марафон өткізілді. Шара барысында кітапханашы  оқырмандарға тіл туралы жазылған қанатты сөздерді оқи отырып, “Жалғасын тап” ойынның шарты бойынша мақал-мәтелдердің, қанатты сөздерінің жалғасын тапты. Ж.Жданбек А.Құнанбайевтың “Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін” атты өлеңін оқыды.

Нет описания фото.