«Айбыны асқақ-Астана» атты әдеби микс өтті.
5 шілде күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен 6 шілде Астана күніне орай «Айбыны асқақ-Астана» атты әдеби микс өтті. Шара барысында кітапханашы Елордамыздың жаңа тарихта әлемдік ірі іс-шаралардың орталығына айналуы жайлы және тарихи орындары мен сәулетті ғимараттарымен таныстырып, еліміздің бас қаласына арналған өлең жырларын арнады. Соңында «Киелі менің Елордам» тақырыбында кітап көрмесімен таныстыра отыра өзіндік тарихы бар ғимараттарға түсінік берілді .

