“Абайды білмек керек ойлы жасқа” тақырыбында поэтикалық марафон өткізді.

9 тамыз күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің тұрақты оқырмандардың қатысуымен 10 тамыз – Абай күніне орай “Абайды білмек керек ойлы жасқа” тақырыбында поэтикалық марафон өткізді. Шара халқымыздың дана, дара ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығын, көрегендігін дәріптеу, насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Марафон барысында оқырмандар ақынның өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқып қана қоймай, хакімнің өмір жолын да баяндады.