«Абай оқулары» атты байқауы өтті.

9 тамыз күні 10 тамыз – Абай күніне орай «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында бастауыш партия ұйымдары мүшелерінің қатысуымен «Абай оқулары» атты байқауы өтті.

Байқауға қатысушылар өз білімдері мен шеберліктерін келесі тапсырмалар бойынша көрсетті:

І-кезең«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» Абай шығармаларын (білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасын немесе қара сөзін) жатқа мәнерлеп оқу.

ІІ-кезең «Білімдіден шыққан сөз» Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романынан үзіндіні көркем шеберлікпен жатқа орындау.

ІІІ- кезең «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» Халық және Абай әндерін орындау.

Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар дипломдармен бағалы сыйлықтармен марапатталды.